«МИФ» әдістемелік бірлестік пәндері онкүндігінің қорытынды есебі. » Надежда Константиновна Крупская атындағы орта мектеп
Алматы облысы білім басқармасының
Қарасай ауданы бойынша білім бөлімінің
"Ұлан орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «МИФ» әдістемелік бірлестік пәндері онкүндігінің қорытынды есебі.
01
декабрь
2021

«МИФ» әдістемелік бірлестік пәндері онкүндігінің қорытынды есебі.

«Ұлан  орта мектебі»  коммуналдық  мемлекеттік   мекемесі






«МИФ» әдістемелік  бірлестік 

 пәндері   онкүндігінің 

 қорытынды есебі.





   ӘБ жетекшісі:   Жамалбаева Айымгуль Мейрбековна





2021-2022   оқу жылы



 «Ұлан   орта мектебі»  коммуналдық мемлекеттік  мекемесінің                                             2021-2022   оқу  жылы  1-11 желтоқсан  аралығында   өткен  «МИФ» әдістемелік  бірлестік  пәндері онкүндігінің қорытынды есебі.


         Желтоқсан  айының  1-11   күндер аралығында   мектепішілік   кестеге  сәйкес           « МИФ  кемесі – білім  теңізінде» тақырыбындағы  математика, информатика және физика пәндер онкүндігі өткізілді. Онкүндіктің   жоспары  әдістемелік  бірлестігінің   отырысында  қаралып талданды және бекітуге  ұсынылды.

Онкүндіктің мақсаты: Математика, информатика және физика сабақтарында және сабақтан тыс іс-шараларда оқытудың заманауи  тәсілдерін қолдана отырып оқушылардың білім алуға қызығушылығын арттыру, ой-өрісі мен таным белсенділіктерін жан-жақты жетілдіру; 

Міндеттері: 

  • Оқушылардың нақты ғылымдардың XXI- ғасырда алатын орынын  бағалауына, білімге деген қажеттілікті саналы түрде түсінуіне  жол ашу; 
  • Әр баланың өз қабілетін таныта біліп,одан әрі дамуына  жағдай туғызу; 
  • Пән мұғалімдерінің шығармашылығын шыңдау және озат тәжірибені тарату; 

     Онкүндік  барысында мұғалімдер ұйымдастырған іс-шаралар заман талабына сай өтті, соның ішінде интеллектуалды сайыстар, көрме, қабырға газеті сайысы, сыныптан тыс  іс-шаралар.

Онкүндік  ағымында   келесі  іс-шаралар  өткізіліп , көрмелер  қойылды:   Бірлестіктің   онкүндік  жоспарымен   таныстыру  мақсатында  алғашқы   күні оқушылар  жиыны  өткізілді,  онда  онкүндіктің   салтанатты  ашылуы өтті.Ашылу  салтанатының    сценариі   жасалынып, бекітілді. Математика  физика информатика  пәндеріне    қатысты   жұмбақтар  жасырылып, Мақал –мәтелдер  жалғасын   тауып, логикалық  сұрақтар     қойылып,   ойындар ойнатылды. Оқушылар      жұмбақтар  жауабын   үш тілдеде   еркін   тауып, тек  математика   пәні  ғана  емес   соны мен  қатар  орыс    және  ағылшын  тілдеріненде   білімдерін  айқын  көрсете   білді. 

     Екінші  күні, (3.12.2021ж) математика  пәні  мұғалімі    А.Жамалбаева                                               7 «А»  сыныбына  сыныптан   тыс іс-шара  «Әй ,осы математика» атты   интеллектуалдық   ойын   өткізді.  Сайыста   оқушылар  логикалық  сұрақтарға   жауап  беріп,  қасқағым   сәтке  есептер  шығарып,   математикалық   мақал-мәтелдер  айтып, жұмбақтар  шешті.    Сайыс  барысында   оқушылар   өздерінің  математика   пәніне   деген  қызығушылықтарын,  білімдерін,   ізденімпаздықтарын  көрсетті.

      Онкүндіктің  үшінші  күні (6.12.2021ж)  математика   пәні  мұғалімдері  Г.Мейірханова   және А.Жұбанышева  «Геометриялық фигуралар» көрмесін ұйымдастырды.   Көрменің  мақсаты: оқушыларды геометриялық  фигуралар  макеттерімен, жазбаларымен танысу, оқушылар  шығармашылығын  таныту   болатын.  Мақсатына  жетті   деп айтуға  болады.  Көрмеге   5-10  сынып  аралығындағы   оқушылар  қатысып,  өздері   жасаған  геометриялық  фигуралардың   макеттерін, алуан түрлі  қиялдарынан  туындаған   суреттерін  қойды. Атап айтсақ: 5 сынып  оқушылары  «Геометриялық   фигуралардан  суреттер  құрастыру» плакатында  түрлі   аппликация   жасады. 6 сынып  оқушылары   геометриялық  фигураларды  қолданып құрақ құрады.                 8 сынып  оқушылары   «жазықтықтағы  геометриялық фигуралар мен аудандары»  тақырыбында  жазықтықтағы геометриялық фигуралармен   және  олардың   аудандарымен  таныстырды. 10 сынып  оқушылары «Кеңістіктегі  геометриялық   фигуралар  мен  жазбалары»   тақырыбында  кеңістіктегі  фигуралардың өздері  жасаған   макеттерімен  таныстырды. Көрме  өте  қызықты   өтті. 

       Онкүндіктің  төртінші  күні   информатика  пәні  мұғалімі   М.Сабдалиева                             9   сынып  оқушылары  аралығында   «Озық  ойлы  оқушы!» білгірлер  сайысын   өткізді.  Сайыс  3 кезеңді   құрады.  1 кезең  «Quizizz»   платформасы  арқылы  барлық   оқушылар  өз  телефондарымен  15   тест  сұрағына  жауап   беріп, жылдам  және  дұрыс   жауап  берген  6   оқушы  келесі  кезеңге   өтті. 2 кезеңде   1 кезеңнен  жеңген   6 оқушы  2 топқа  бөлініп  «WODWALL» платформасымен  тапсырмалар    орындады. Барлығы  15  тапсырма   орындап  керекті  баллдарын   алды.   Ең  көп   бал  жинаған  3   оқушы  келесі  3   кезеңге  өтті. 3 кезеңде «Wordwall»  платформасы   арқылы  викториналық  сұрақтарға   жауап  берді.  Білгірлер    сайысы  қызықты  әрі   тартысты  өтті.

        Онкүндіктің   бесінші  күні   информатика  пәні  мұғалімдері   Н.Бекжанова  және  М.Жуншеева    4  «А»  сынып   оқушыларымен  «Инфобілгірлер»  атты интеллектуалдық   сайыс   сабағын  өткізді. Сынып  оқушылары   екі  топқа  бөлініп   сайысқа  түсті. Сайыс  сабағы   бірнеше  бөлімді  құрады. Ең   алдымен  топ  басшылары   топтың  атын, құрамын  таныстырды. Екінші  бөлім   «Құпия  алаң»  деп   аталды. Ілініп  тұрған  алмаларды   байлаулы  көздерімен  қиып,   сол  алмада  жасырынған   номердегі  сұрақтарға  жауап   берді. Келесі  3  бөлім    іс  қимыл  арқылы  компьютер   құрылғыларын  анықтау  болса, 4 бөлімде электронды  сұрақтарға   жауап берді.                           5  бөлімде  топ   басшылары  Scratch программасында  жоба   қорғап,   6 бөлімде  қорытындылау, марапаттау  болды.   Әділ қазылар  құрамы  ең  көп  балл   жинаған  топты  анықтап   марапаттады. Оқушылар информатика  пәнінен  теориялық   білімдерін    де,  практикалық   жұмыстарын   да   тиянақты     көрсете  білді.

        Онкүндіктің   алтыншы  күні    физика   пәні  мұғалімі   Л.Нұржанова  8-11  сынып   ұлдарымен  «Көкпар»  интеллектуалдық  ойынын   өткізді. 

Сайыста   оқушылар   физика  пәніне   деген  қызығушылықтарын  жасаған   тәжірибиелерімен,  зерттеулерімен   көрсете  білді.   Оқушылардың  табиғаттағы  физикалық   құбылыстардың  құпиясы  мен   сырын  ашуға  деген     белсенділігі, логикалық   ойлау  қабілеттері, зеректіліктері, тапқырлықтары,   төзімділікке  және  өзара   сыйластыққа  тәрбиелейді. 

      Бұл  сыныптан  тыс іс-шараларда   мұғалімдер   заман  талабына  сай   замануи  технологияларды, интерактивті  тақтаны, жаңа  платформаларды қолданды.  Оқушыларда   оқулықпен  ғана  шектелмей    жан-жақты  ізденіп,   қызықты   мағлұматтармен   бөлісіп, өз  білімдерін,   пәнге  деген  қызығушылықтарын  көрсетті.

        Жалпы   онкүндік   барысында   іс - шаралар  танымдық-дамыту  қалыпта өткізілді,  мұғалімдер  оқушылардың  оқу  мүмкіндіктерін  ескеретін,  логика  мен зеректілікке  арналған  тапсырмаларды  пайдаланды,  ал оқушылар әр түрлі пәндерден өз білім  дәрежелерін, тапқырлықтарын  көрсетіп,  қосымша да білім алды.  Барлық  сыныптан   тыс  іс-шаралар  жақсы  деңгейде  өткізілді,  мұғалімдер интербелсеңді  тақтаны   және  де  көптеген   көрнекіліктер  пайдаланды. 

Онкүндік   барысында   өткізілген  сайыстардың  жеңімпаздары,  белсенділік   танытқан  оқушылар   арнайы   грамоталармен  марапатталды. 

         Қорыта келе айтарым, ұстаз- жас ұрпақтың рухани сәулеткері және қоғам, халық өзінің үміті мол болашағын  тапсыратын сенімді өкілі. Ұстаз – әрі ғалым, әрі  шешен , әрі көшбасшы бола білсе ғана алдында отырған шәкірті білімді болады, болашақта ел тұтқасын берік ұстар азамат болады.
















































































































































































Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив