Біз туралы » Надежда Константиновна Крупская атындағы орта мектеп
Алматы облысы білім басқармасының
Қарасай ауданы бойынша білім бөлімінің
"Ұлан орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
10
август
2021

Біз туралы

« Ұлан орта мектебі » коммуналдық мемлекеттік мекемесі,  Алматы облысы, Қарасай ауданы, Ұлан ауылында орналасқан. 1939 жылы  Стаханов артелінде Н. Крупская атындағы жертөледе орналасқан бастауыш сыныптарға арналған мектеп ашылды.  1976  жылы  196 оқушыға  арналып салынған 8 сынып бөлмесі  бар  жаңа сәулетті екі қабатты мектеп берілді. Осы күнге дейін,   мектепке күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Шағын орталыққа  ауылдағы   балабақшаның ескі ғимараты   пайдалануда. Балабақшаның  ескі ғимаратының  қабырғалары қамыс каркасынан  жасалған,   көп  жылдан  бері  қолданылмай  келгендіктен  өте  тозған, бастауыш сынп оқушылары оқып отыр. Мектеп ұжымының күшімен  мектепте  медпункт, әдістемелік кабинет, кітапхана және «Өзін-өзі тану» кабинеті  жасалынды.

Оқушылар  еңбекке бейім, тек мектептегі жұмыстарды ғана емес, ауылдың ҰОС-ның ардагерлері мен қарттарына да үнемі көмектеседі.                           

Мектеп ауылдың мәдени орталығы, сондықтан да барлық мерекелер мен іс-шаралар мектепте  ұйымдастырылады.              

      Мектеп  директоры Аманова Бану Маратқызы, еңбек 35 өтілі   жыл, «ҚР білім беру ісінің үздігі»   құрмет белгісінің және көптеген  грамоталар мен дипломдардың  иегері.  

Соңғы жылдары Қазақстан Республикасының білім беру мекемелерінің педагогикалық ұжымындарында  білім сапасын көтеру негізгі мәселесі болып табылады. Бірінші орынға  үйренуге, білуге, ұлттық және жалпы мәдениетті дамытуға қабілетті  еркін, шығармашыл, жауапты жеке тұлға тәрбиелеу үшін жан-жақты жағдай жасалуы керек.  Осындай жеке тұлғаны қалыптастыруды мектеп ұжымы басты мақсаты  деп біледі.

Мектеп ұжымы соңғы жылдары дамыта оқыту инновациялық әдісі енгізіп жұмыс істеп жатыр. Дамыта оқытудың  негізгі принциптері,  оқушылардың  ойлау қабілеттерін дамытып терең білім алу,  оқушыларға психологиялық зерттеу жасау, дифференциалды, жеке және проблемалық оқыту, оқу процесінің мониторингісі.

Дамыта оқыту технологиясында маңызды орынды оқу процесінің мониторингісі алады. Оқушылардың білім, үлгерім деңгейінің мониторингісі -  ол жүйелі түрде мәлімет жинау және оны талдап, өткізілген шараларға  баға беру болып табылады.

Ол диагностикалық, білімділік, дамытушылық  және басқару  функцияларын жандандырып, оқу процесіне мотивация береді және атқарылған шаралар мен қорытынды нәтижелерді талдауға мүмкіндік береді.  

Әдістемелік жұмыс  оқу процесінің  барлық саласын қамтиды. Ол үшін мектепте қолайлы жағдай жасалуы және кәсіби орта керек. Осы үшін қажетті бірнеше факторды келтірейік:

•         Педагог- әдіскерлер.

•         Барлық мұғалімдерді білімін көтеру курстарынан өткізу.

•         Тәжірибе алмасу мен бірлестікпен жұмыс істейтін  мұғалімдерден микроұжым құрау.

•          Кәсіби тұрғыда жұмыс істеу үшін мүмкіндік жасау.

•         Сабақтарда жаңа технологияларды қолдану

      Осы мәселелерді шешу үшін  біздің мектепте жаңа технологияларды  және жоғары информациялық технологияларды меңгеру үшін әдістемелік семинарлар өткізіліп, қазіргі заман талабына сай  әдебиетке жазыламыз. Мектепте  2008 жылы Финляндия педагогтарымен  «Дарынды балаларды анықтау» тақырыбында, ал 2011 жылы «Глюон» Халықаралық интеллект клубының Президенті В. Альминдеровпен Халықаралық, 2009 жылы п.ғ.к. Ү.Жексенбаевамен «Зерттеушілік жұмыстар  дарынды оқушылардың  шығармашылығын дамытады »  тақырыбында Республикалық, үнемі « Еркіндік дарындылықты дамытудың негізі» мектепішілік семинарлар өткізілді. 2011 жылдың көктемінде  Алматы облысының  бастауыш сынып мұғалімдері үшін  облыстық семинар өткізілді.

Біздің педагогтардың  мектептен тыс біліктілік  курстарынан өтуіне мүмкіндік бар.  Бұл үшін  Алматы  облыстық мамандар кәсібін  дамыту  институтынан  курстан  өту  графигі  жасалынған.

       Жаңа  технологияларды меңгеру және қолдану, жаңа және авторлық бағдарламаларды  дамыту орталығы  болып  әдістемелік  бірлестіктер болып табылады.

       Жеке  тұлғаны  бастауыш  сыныптан  тәрбиелеу, оқыту  негізгі  өзекті мәселе болып табылады. Сондықтан да бастауыш  сыныптардың әдістемелік бірлестігі ең бірінші болып дамыта оқыту технологиясын меңгерген.  Бастауыш сынып мұғалімдері  оқушының  қызығушылығын, психологиялық  жаратылысын,  мүмкіндігін, білімін ескеріп  шығармашылық қабілетін дамытуға  бағытталған  жұмыс жүргізеді. (педагогтар Г. Әуелбекова  және Н.Шерадзе).

1-4 сыныптар үшін риторика, ағылшын тілі, хореография қосымша  сабақтары жүргізіледі. (мұғалімдер: ағылшын тілі Ш. Адилханова,  хореограф  Ногай Л.Ф, және бастауыш сынып мұғалімдері  Н. Жексенова мен Г. Пивкина).  Бастауыш сыныпты бітірген түлектер жақсы  білім сапасын көрсетеді. Жыл соңындағы білім сапасы - 60%.  

«Шығармашылық» әдістемелік бірлестігі  әр оқушының  талантын анықтап, дамыту бағытында  жұмыс жүргізеді.  Әр оқушыға еркіндік беру арқылы шығармашылық  қабілеттерін дамытуға мүмкіндік береді. Бұл әдістемелік бірлестікті ден саулығы мықты, жан дүниесі бай, білімі мол, шығармашыл, бәсекеге қабілетті оқушы тәрбиелеудің негізгі лабораториясы деуге болады.  Дамыту авторлық  бағдарламасын   балалардың  өмірге деген көзқарастары мен  қызығушылығын ескеріп эстетикалық тәрбие беруді көздеп жасаған.  Живопись  (А. Битимбаева)  және  хореография  (Л. Ногай) – сабақтары мектептегі  сабақтан тыс  іс – шаралары мен  оқу-тәрбие процесінің арасындағы сабақтастықты ұштастыратын орталық болып табылады.  Бізде   «Айгөлек» би тобы  мен  живописьтен  үйірме  жұмыс істейді. Жұмыстарының  нәтижесі:   10 сынып оқушылары Барлыбаева Асем мен Худаева Назлы аудандық, облыстық сайытардың лауреаттары, ал  2011 жылы Грекия мемлекетінде өткен «Шығармашылық.Интеллект.Мәдениет» Халықаралық  фестивалінде  «Живописьтен» І  орынға ие болды.    Қарасай ауданының  корпоративтік білім беру қорының ұйымдастыруымен  өткізілген «Үздік акварель» сайысында  4 сынып  оқушысы  Ерсұлтанов Дамир  және  11  сынып  оқушысы  Барлыбаева  Асем дипломдармен   марапатталды.

Қазақ тілі, ағылшын тілі және орыс тілі пәндерінің әдістемелік бірлестіктерінің  мұғалімдерінің негізгі мақсаты «Тіл туралы заңды»  орындалуы.  Ауыл  мен мектепте  осы бағытта көптеген жұмыстар атқарылады.  Тәуелсіздік күні, Наурыз, 8 наурыз, Жаңа жыл мерекелері мектеп ұжымымен өткізіледі. Әр түрлі сайыстар, әдеби кештер, кездесулер өткізіледі.  

«Таза ауыл» акциясы  тек қана оқушыларға ғана емес ауыл тұрғындарына да дәстүрге айналды.  Ауылды түрлендіруге мектеп үнемі атсалысады.

Экологиялық  тәрбиеге жаратылыстану әдістемелік  бірлестігі.  Әдістемелік бірлестіктің келелі мәселесі  қоршаған ортаны қорғап, түрлендіретін, еліміздің көркеюіне атсалысатын, табиғатты аялайтын, салауатты өмір салтын қолдайтын жеке  тұлғаны тәрбиелеу. Мектепте «Жасыл патруль» экологиялық үйірмесі жұмыс істейді.  Жетекшісі биология және география пәндерінің мұғалімі  Т. Укертаев.   Үйірмеде  оқушылар  ауылдың  жануарлары мен өсімдіктерін зерттеп, сабақта алған теориялық білімдерін  практикада қолданып білімдерін  толықтырады.  Осы салада техникалық  оқу құралдарын (проекциялық аппараттар, диапроекторлар, компьютерлер) кеңінен қолдануы,  осы пәндерді терең меңгеруіне мүмкіндік тудырады.   Осындай атқарылған жұмыстар өз нәтижесін беруде. Атап айтсақ  Грекия  мемлекетінде  өткен Халықаралық  олимпиадада  Пипилова сания  мен  Дүйсенов Ильяс   биология  пәнінен  жүлделі  орынға  ие  болып, дипломмен  марапатталды.   Әл-Фараби атындағы  Қазақ  ұлттық  университетінің  химиялық физика мен  жоғары молекулалық қосылыстар  факультетінің  доценті х.ғ.к.  П.Уркимбаева  мен  мектептің химия пәнінің мұғалімі Ж.Кишибаева бірігіп  «Новые полимерные лекарственные формы эмульсионного типа на основе интеллектуальных сополимеров» ғылыми  жобамен  Халықаралық  фестивальде Изтелеуова Арайлым мен Самет Әзімкан  ІІ дәрежелі  дипломмен марапатталды.

      Математика, физика, информатика әдістемелік бірлестігінің  мұғалімдері ҚР Президентінің білім беру мекемелеріндегі информатизациялау бағдарламасын  орындауды  басты мақсат  деп біледі. Мектептегі  көптеген мұғалімдер компьютерді  үйрену  курсын  бітірді.  Мектеп   интернет желісіне  қосылған. Көп зерттеу  жұмыстары  жасалады. Грекия мемлекетінде өткен  олимпиадада  математикадан  және  физикадан  жүлделі орындарға ие болды. Олар: Еркимбаев Жомарт, Отеген Данияр,  Искендиров Нияз, Сагынтаев Бекболат, Оспанова Алия, Аралбаева Аруна, Әбілеұлы Мади, Ахмедов Сабир, Рысдәулет Жандәулет.



Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив