2022-2023 оқу жылы 1 маусым күні соңғы қоңырау !
Ұлан орта мектебінде 1маусым күні соңғы қоңырау мерекесінің салтанатты жиын болып өтті.Жүргізушілер ортаға әр түлекке сипаттама ретінде шығарылған өлең жолдары арқылы 11 сынып оқушылары және сынып жетекшілері шықты. Жиынға ардагер ұстаздар, құрметті қонақтар келіп, құттықтау тілектерін білдірді. Мектеп директоры Аманова Бану Маратовна мектеп бітіруші түлектерді, ұстаздар қауымын және жиналған оқушылар мен ата-аналарды соңғы қоңырау мерекесімен құттықтап, биылғы жылдың жетістіктерін айтып, түлектерге сәт сапар тіледі. Сонымен қатар оқу үздіктері мен «Жыл оқушысы-2023» диплом, мақтау қағаздары табыс етті. «Алау» квартеті «Бақытты балалық шақ» әнін айтса, «Керім-ай» би тобының бишілері би биледі. Мереке жалғасы мектеп бітіруші түлектердің ұстаздарына арналып шығарылған арнау өлең,ән – жырларымен, «Мектептегі вальс» мереке сәнін кіргізді. Мектеп бітіруші түлектерге балғын жас шыбықтар 1 - сынып оқушылар сәт сапар тілеп, тақпақтарын оқыды.