ҰБТ - Надежда Константиновна Крупская атындағы орта мектеп http://krupskaya-karasai.mektebi.kz/ ru ҰБТ - Надежда Константиновна Крупская атындағы орта мектеп DataLife Engine ҰБТ -2022 http://krupskaya-karasai.mektebi.kz/oushylara/bt/84-bt-2022.html http://krupskaya-karasai.mektebi.kz/oushylara/bt/84-bt-2022.html 🙋🏻‍♀️Құрметті ҰБТ-ға қатысушылар! Сіздердің назарларыңызға 2022 жылғы ҰБТ форматына енгізілген өзгерістер туралы ақпаратты ұсынамыз.

✅Сонымен, не өзгерді және сол қалпында қалады:

👍Түлектердің өтініштері мен қалауларын ескере отырып, биыл грантқа үміткерлерге ҰБТ-ны екі рет тапсыру мүмкіндігі берілді.  
👍Бұл ретте талапкерлер екі мүмкіндікте бейінді пәндердің бір комбинациясын ғана таңдай алады. 
👍«Құқық» білім беру саласы бойынша шекті балл өзгерді және 75 балды құрады. Білім берудің басқа салалары бойынша өзгерістер жоқ.
👍ҰБТ-ның базасына «Қазақстан тарихы» пәні бойынша тест тапсырмаларының саны өзгеріссіз сақтала отырып контекстік тест тапсырмалары енгізілді. 
👍Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға қосымша тестілеу уақыты (40 минут) берілді. Сонымен қатар, оларға суретсіз, сызбаларсыз және диаграммаларсыз тест нұсқалары жасалды. 
👍ҰБТ барысында компьютер экранында калькулятор, Менделеев кестесі, сондай-ақ металдардың белсенділік қатары қосылған тұздардың ерігіштік кестесі болады. 
👍ҰБТ-ға қатысушыларға тестілеу аяқталғаннан кейін экранда, сондай-ақ Жеке кабинетінде жеке тақырыптық талдау қолжетімді болады. Бұл тестіленушілерге әр пәнді меңгеру деңгейін түсінуге мүмкіндік береді.
👍Академиялық адалдықты сақтау мақсатында тестіленушілердің тест нұсқасы таңбаланатын болады. Яғни, ҰБТ-ның әр қатысушысының жеке тест нұсқасы болады. Ережелерді бұзған немесе тест тапсырмаларын аудиториядан шығаруға талпынған жағдайда ереже бұзушылар анықталып, олардың нәтижелері жойылады.
👍Ақпараттық қауіпсіздік мақсатында тестілеу «1 компьютер – 2 камера – 1 тестіленуші» қағидаты бойынша жүргізіледі. Енді әр тестіленушінің тест тапсыру орнында жеке басын (Face ID) сәйкестендіруге және бөгде адамдардың кіруіне жол бермеуге мүмкіндік беретін екінші (фронталды) камера орнатылған.
👍2022 жылғы түлектер үшін одан да көп білім беру орталықтарының қолдауымен тегін онлайн сабақтар жүргізіліп жатыр. Сабақтар орталықтардың YouTube арналарында тікелей эфирде өтеді, олар міндетті түрде сақталады. 

🤗Осылайша, тестіленушілер ыңғайлы және қобалжусыз ҰБТ тапсыруы үшін барлық жағдай жасалып жатыр.

🎥Естеріңізге сала кетейік, ҰТО ҰБТ-2022 бейнежазбасын күнтізбелік жыл соңына дейін қарайды, сондықтан барша талапкерлерді академиялық адалдықты сақтауға шақырады.

]]>
🙋🏻‍♀️Құрметті ҰБТ-ға қатысушылар! Сіздердің назарларыңызға 2022 жылғы ҰБТ форматына енгізілген өзгерістер туралы ақпаратты ұсынамыз.

admin Mon, 25 Apr 2022 14:11:49 +0600
ҰБТ http://krupskaya-karasai.mektebi.kz/oushylara/bt/30-bt.html http://krupskaya-karasai.mektebi.kz/oushylara/bt/30-bt.html admin Tue, 15 Feb 2022 13:58:19 +0600