ЕНТ -2022 » Надежда Константиновна Крупская атындағы орта мектеп
Алматинская область білім басқармасының
Қарасай ауданы бойынша білім бөлімінің
"Ұлан орта мектебі"
отдела образования Кербулакского района
Приемная
+7(72) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72) 43-50-93
Версия для
слабовидящих
25
апрель
2022

ЕНТ -2022

❓ЕНТ 2022: басты жаңашылдықтар қандай?🙋🏻‍♀️Құрметті ЕНТ-ға қатысушылар! Сіздердің назарларыңызға 2022 жылғы ЕНТ форматына енгізілген өзгерістер туралы ақпаратты ұсынамыз.

✅Сонымен, не өзгерді және сол қалпында қалады:

👍Түлектердің өтініштері мен қалауларын ескере отырып, биыл грантқа үміткерлерге ЕНТ-ны екі рет тапсыру мүмкіндігі берілді.  
👍Бұл ретте талапкерлер екі мүмкіндікте бейінді пәндердің бір комбинациясын ғана таңдай алады. 
👍«Құқық» білім беру саласы бойынша шекті балл өзгерді және 75 балды құрады. Білім берудің басқа салалары бойынша өзгерістер жоқ.
👍ЕНТ-ның базасына «Қазақстан тарихы» пәні бойынша тест тапсырмаларының саны өзгеріссіз сақтала отырып контекстік тест тапсырмалары енгізілді. 
👍Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға қосымша тестілеу уақыты (40 минут) берілді. Сонымен қатар, оларға суретсіз, сызбаларсыз және диаграммаларсыз тест нұсқалары жасалды. 
👍ЕНТ барысында компьютер экранында калькулятор, Менделеев кестесі, сондай-ақ металдардың белсенділік қатары қосылған тұздардың ерігіштік кестесі болады. 
👍ЕНТ-ға қатысушыларға тестілеу аяқталғаннан кейін экранда, сондай-ақ Жеке кабинетінде жеке тақырыптық талдау қолжетімді болады. Бұл тестіленушілерге әр пәнді меңгеру деңгейін түсінуге мүмкіндік береді.
👍Академиялық адалдықты сақтау мақсатында тестіленушілердің тест слабовидящих таңбаланатын болады. Яғни, ЕНТ-ның әр қатысушысының жеке тест слабовидящих болады. Ережелерді бұзған немесе тест тапсырмаларын аудиториядан шығаруға талпынған жағдайда ереже бұзушылар анықталып, олардың нәтижелері жойылады.
👍Информациятық қауіпсіздік мақсатында тестілеу «1 компьютер – 2 камера – 1 тестіленуші» қағидаты бойынша жүргізіледі. Енді әр тестіленушінің тест тапсыру орнында жеке басын (Face ID) сәйкестендіруге және бөгде адамдардың кіруіне жол бермеуге мүмкіндік беретін екінші (фронталды) камера орнатылған.
👍2022 жылғы түлектер үшін одан да көп білім беру орталықтарының қолдауымен тегін онлайн сабақтар жүргізіліп жатыр. Сабақтар орталықтардың YouTube арналарында тікелей эфирде өтеді, олар міндетті түрде сақталады. 

🤗Осылайша, тестіленушілер ыңғайлы және қобалжусыз ЕНТ тапсыруы үшін барлық жағдай жасалып жатыр.

🎥Естеріңізге сала кетейік, ҰТО ЕНТ-2022 бейнежазбасын күнтізбелік жыл соңына дейін қарайды, сондықтан барша талапкерлерді академиялық адалдықты сақтауға шақырады.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив